20 қараша күні алғаш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы бастау алды. » "Бақыршық орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Бақыршық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 75-51-71
Есепші бөлімі:
+7(7234) 75-51-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 20 қараша күні алғаш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы бастау алды.
20
ноябрь
2023

20 қараша күні алғаш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы бастау алды.

20 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады. 
 Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі. 
Бүгін мектебімізде олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатына кентіміздің әкімі Сасенов Ержан Аманбаевич қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін мектебіміздің 9-11 сыныбынан 19 оқушы ниет білдіріп, аuyl.daryn.kz сайтында тіркелді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив