18
ноябрь
2023
"Digital steam Abai" фестивалі
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде облыстық «Digital steam Abai» фестивалі, 3 D үлгілеу, бағдарламалау, жоба және робототехника бағыттары бойынша «Robotek Grand Tournament» ІТ чемпионатының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: аудандағы мектеп оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, қолдау.
Чемпионаттың "3D модельдеу", "Бағдарламалау" және "Роботехника" бағыттары бойынша аудан мектептерінен барлығы 72 оқушы қатысты.
«Robotek Grand Tournament» чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте мектебіміздің оқушылар командасы - І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!