Ақпарат » Страница 6 » "Бақыршық орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Бақыршық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 75-51-71
Есепші бөлімі:
+7(7234) 75-51-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім
24
ноябрь
2023
Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына жастардың арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы түсіндіру бойынша «Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім» тақырыбында жиналыс өткізілді.  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
20 қараша күні алғаш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы бастау алды.
20
ноябрь
2023
20 қараша күні алғаш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына
20 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Олимпиада 13 пән
"Digital steam Abai" фестивалі
18
ноябрь
2023
"Digital steam Abai" фестивалі
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде облыстық «Digital steam Abai» фестивалі, 3  D үлгілеу, бағдарламалау, жоба және робототехника бағыттары бойынша «Robotek Grand Tournament» ІТ чемпионатының  аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: аудандағы мектеп оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды
Ұшқыр ой алаңы
17
ноябрь
2023
Ұшқыр ой алаңы
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында орта мектептер арасында Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің базасында «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңге аймақтық кезеңнің І және ІІ орын жеңімпаз командалары қатысты.  Турнир Америкалық парламенттік формат бойынша өтті. Нәтижесінде мектебіміздің"Болашақ" фракциясы І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар фракция мүшесі Әбілдаш Сымбат "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Жеңімпаз
"Тіл - достық тірегі" байқауы
14
ноябрь
2023
"Тіл - достық тірегі" байқауы
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық "Тіл - достық тірегі" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінің 7-11 сынып оқушыларынан құралған 22 топ қатысты. Байқау нәтижесінде мектебіміздің оқушылары Камалбек Мирас, Серікқызы Назерке, Мухитова Ареана "Бас жүлде" иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!  
Мектеп Парламенті" президентін ұлықтау рәсімі
27
октябрь
2023
Мектеп Парламенті" президентін ұлықтау рәсімі
Бүгін, яғни 27-қазан "Бақыршық орта мектебі" КММ-де "Мектеп Парламенті" президентін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп президенті 10 сынып оқушысы Тоқтажан Ерасыл тізілісте мектеп оқушылары алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Және де мектеп президенті мен парламент мүшелеріне куәліктер табысталды. Мектеп президенті мен парламент мүшелері алдағы уақытта үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деп сенеміз.
Жас Ұлан
24
октябрь
2023
Жас Ұлан
Бүгін 24 қазан "25 қазан Республика күніне" орай мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай"Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты тізілісі өткізілді.