16
март
2018
4-ші сыныптар арасында спорттық жарыс өтті.
16 наурызда мектебімізде 4 сыныптар
арасында спорттық жарыс өтті. "Ұлттық
ойындар" атты спорттық жарыс 3 мақсатты қамтыды:
1.Білімділік: ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең
қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық
шеберліктерін, мүмкіндітерін арттыру.
2.Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік-жауынгершілік тарихын
ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырдардың өмір өнегесімен
таныстыру, өз елін, өз жерін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол
бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге
үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Дода бірнеше бөлімнен тұрды: "Теңге алу", "Сақина
салу", "Қол күрес", "Асық ату", "Арқан
тартыс". Тапқырлық таныпы, ептілігін көрсете білген топқа жанкүйерлер
де қолдау көрсетті. Ал әділ қазылар алқасы оларды үштік, төрттік, бестік бал
көрсеткіші арқылы бағалады.
Бір сағатқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Қорытынды бойынша
"4В" сыныбы жеңіске жетіп, І-орынға ие болды.
екінші орын «4Б»сыныбына бұйырса,ІІІ-орынды "4А" сыныбы алды.