Педагогтерді аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру жұмыстары » "Бақыршық орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Бақыршық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 75-51-71
Есепші бөлімі:
+7(7234) 75-51-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогтерді аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру жұмыстары
11
март
2024

Педагогтерді аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру жұмыстары






«Бақыршық орта мектебі» КММ   мектеп директорының м.а  С.Б. Садуева  2023-2024 оқу жылында аттестациядан өтетін  педагогтерді аттестаттау Ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жаңа Ереженің мақсаты: педагогтердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ету. Жаңа Ереже бойынша педагог жайлы барлық мәлімет Ұлттық платформада жинақталады. Әрбір пән мұғаліміне жеке кабинет берілді. Платформаға ұстаз туралы мәліметтер «Дарын» қосымша білім беру орталығынан, НОБД базасынан, «Өрлеу»біліктілікті арттыру базасынан, «Талдау» аналитикалық орталығынан, МОДО, ПИЗА, ТИМСС, ПИРЛС-қа қатысу бойынша жетістігі, олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби байқауларға қатысу, т.б мәліметтер жинақталады.
 Педагогтер 5 жылда 1 рет, білім беру ұйымдары басшылары үшін 3 жылда 1 рет, басшы орынбасарлары үшін 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.
 Жаңа Ережедегі ерекшеліктер:
 Бірінші басшының бұйрығымен біліктілік санаттары беріледі:
 1.Білім беру ұйымдарында: «педагог -тағылымдамашы», «педагог», «педагог - модератор» біліктілік санаттары
 2.Аудандық білім бөлімінде: «педагог -сарапшы», «басшы-ұйымдастырушы», «басшы -менеджер», «үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары
 Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 

Педагогтер үшін: 

1.ПББ 

2.қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау..
 ПББ тапсырудан босатылады:

Педагогтер: 

1.бұрын берілген біліктілік санатын растау;
 2. «педагог -зерттеуші», «педагог -шебер»біліктілік санатын беру;
 3.педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл.
 Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды.Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1)өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).
 «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді»шешімін қабылдаған кезде педагогке ПББ және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау нәтижелеріне сәйкес біліктілік санаты беріледі.
 Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірар 2 жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
 1)денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындаларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
 2)жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала күтімі бойынша демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
 Жасы бойынша зейнеткерлікке дейін 5 жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Біліктілік санаты педагогтың өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив