2022-2023 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау » "Бақыршық орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Бақыршық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 75-51-71
Есепші бөлімі:
+7(7234) 75-51-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау
12
апрель
2022

2022-2023 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау

2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау!

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар! «Бақыршық орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

1-сыныпқа мектептің мөлтекауданына жататын мекен-жайда тұратын балалар қабылданады. 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы білім туралы заңның 31-бабының I тармақшасына сәйкес,1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуда.

1 сыныпқа өтініштер қабылдау 1 сәуір-1 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

1 сыныпқа қабылдау egov.kz порталы арқылы іске асырылады( өтінішті үйден электрондық сандық қолтаңба арқылы жолдауға болады). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүйеге бекіту қажет.

1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:

Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
3х4 көлеміндегі 2 фото
Назар аударыңыздар!

Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды. Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады. Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтініш қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі болмайды. Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардын түпнұсқаларын ұсыну қажет.Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмері,электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон номеріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.

Мекен-жайымыз: Әуезов кенті, "А" кварталы, 34 ғимарат

Мына телефон номірлеріне хабарласыңыздар: 8 (72347) 40-5-53
8 (72347) 40-2-47
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив