1 наурыз – “Алғыс айту күні” мерекесі
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізді. Жарлықтың мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер тізімі екі жаңа мерекемен толықты: Алғыс айту күні – 1 наурыз және Геологтар күні – сәуірдің алғашқы жексенбісі.