2019 жыл 17 қаңтар
2019 жылдың 17 қаңтарында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Бақыршық орта мектебінің базасында «Жүйелі қызмет негізінде сабаққа заманауи көзқарас» тақырыбында жас маман педагогтардың шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу мақсатымен практикалық семинар өткізілді. «Мамандығым- мақтанышым» атты мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізумен басталған іс-шаралар жоспар бойынша ашық сабақтардың берілуімен жалғасты.