"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы бойынша ақпарат
"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жарма ауданы Әуезов кентіндегі БГП ЖШС әлеуметтік осал отбасылардан шыққан "Бақыршық орта мектебі" КММ-нің оқушыларына кеңсе тауарлары түрінде жалпы сомасы 928 000 теңгеге материалдық көмек көрсетті. Көмек әр оқушыға 5 769 теңгелік сертификат түрінде ұсынылды. Бұл сертификатты кентте "Балақай"балалар дүкенінде қажетті оқу құралдарына айырбастауға болады. ҚБарлығы 161 оқушы көмекпен қамтылды, олар өз кезегінде тау-кен кәсіпорнының осындай