28
январь
2020
Мен ОФФЛАЙН!
«Бақыршық орта мектебі» КММ- нің оқушылар мен ұстаздар ұжымы Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» балалар акциясына қатысып белсенділік танытты. Акцияның негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Халықаралық интернетсіз күн тақырыбында ата-аналармен, оқушылармен сынып сағаттар, әнгімелер, сұхбаттар өткізілді. 1-4 сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқау және 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқау ұйымдастырылды.













