Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар » "Бақыршық орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Бақыршық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 75-51-71
Есепші бөлімі:
+7(7234) 75-51-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар
11
май
2017

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

«Бақыршық орта мектебі» КММ –де   «Білім беру үрдісінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында жаңа технологияны нәтижеге бағыттай отырып қолдану» тақырыбында өткен Аймақтық семинар туралы есеп.

2017 жылдың 26 сәуірі күні «Бақыршық орта мектебі» КММ –де   Кембридж бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдердің «Жаңару »Аудандық желілік қоғамдастығының іс-шара жоспары негізінде  «Білім беру үрдісінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында жаңа технологияны нәтижеге бағыттай отырып қолдану» тақырыбында  Аймақтық семинар өтті. Семинарға ауданның  10 мектебінен  бір тәлімгер, бір  жас ұстаздан барлығы 20 мұғалім қатысып іс-тәжірибе алмасты. Семинар бағдарламасы бойынша  психологиялық тренинг,4 сабақ,коучинг өткізіліді. 

Бастауыш сынып  мұғалімі Раймханова М.Б.  2 Б сыныбында  математикадан «Қайталау. Санды екіге көбейту кестесі» тақырыбында нәтижелі сабақ көрсетті.

Сабақтын мақсаты: оқушыларға көбейту және бөлу амалы арасындағы байланысты меңгерту, санды 2-ге көбейту және бөлу кестесімен таныстыру.

Логикалық ойлау, есте сақтау,танымдық, шығармашылық қабілеттерін, математикалық тіл байлығын, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.

  Оқуға, ұжымшылдыққа, достық қарым-қатынаста еңбек етуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

      Берілген сабақ барысында келесі модульды оқыту жүйесі қолданылды: ақпаратты қатынас технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін –өзі басқару, дарынды және талантты оқушыларды оқыту, оқытуда жаңа түрлерін қолдану, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Бұл сабақта оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасады. Жұмыс жүргізуде әрбір оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеті ескерілді.Сабақтын сәтті өтуіне негізімен себепкер болатын,оқушылардың сабақ барысында бір-бірімен белсенді жұмыс жүргізуіне де байланысты.

Мұғалім оқушыларды сабақтың барлық кезеңінде тек жақсы нәтижеге үндек, итермелеп отырды.Сабақтың қарқыны өте жоғары дәрежеде және өнімді өтті. Сабақтың нәтижелі өтуінесебепкер болған, оқушылардың сабаққа оңтайлы көзқарасы және топқа бөлу болды. Қатысушылар топта жұмыс жүргізіп, қызметтік сауаттылықты дамыту үшін түрлі тапсырмаларды орындады.Формативты баңалау арқылыоқушылардың өзіндік пікірін айта білді және сабақта белсенділік танытты.

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

                

         Информатика пәні мұғалімі Балабаева Ж.К. 5 А сыныбында  информатика пәнінен  «Пәндерге саяхат» тақырыбындағы  өткізілген  қызықты да тартымды сабағы қатысушылардың көңілінен шығып  жақсы әсер қалдырды.

Сабақтын мақсаты: оқушылардың алған білім, іскерлік дағдыларын пысықтау.

 Берілген тапсырмаларды орындау барысында мәтіндік, кестелік редакторлармен жұмыс жасай білулерін танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Өздік бағалау әрекеттерін үйымдастыра отырып, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

        Сабақтын қарқыны қте жоғары және өнімді болды. Коллаборативты орта ұйымдастыруы, сабақтың оқтайлы өтуі өз септігін тигізді.Ұстаз сабақ барысында оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыта отырып, түрлі тәсілдерді қолданды. Олар: «Сиқырлы таяқша», «білгірлер жүргізетін тергеу», « сендердің ойларыңды біліп қоямын». Сабақта АҚЖ, видео қоры, интерактивты тест сияқты түрлері қолданылды.

       Сабақты практикалық тұрғыдан дамытуға информатикалық тәжірибе жасау өз себебін тигізді. Бағалау үшін өзін-өзі бағалау, формативты бағалау, мұғалімнің оқушыны колдау, мақтау қолданылды. Ал соңында рефлексия мен кері байланыс сабақты тиімді аяқтауға себеп болды.

 

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

  

 

Қазақстан тарихынан 7 А сыныбында  «15-18 ғасырлардағы Қазақ хандығы» тақырыбымен өткен тарихы пәні мұғалімі Солумбаева А.М.   оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  құрылған сабағы сәтті өтіп,қатысушылардың жақсы лебізіне ие болды.

Сабақтын мақсаты: Қазақ хандарының сыртқы және ішкі саясаты, құрылыуның маңызы, қазақ хандарының тарихтағы орны жайлы алған білімдерін саралау.

Оқушылар топта жұмыс істеп, функционалды сауаттылықты дамытуда, түрлі-түрлі тапсырмалар орындады.  Топпен жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға , шығармашылық қабілеттерін дамытуға себеп болды. Формативты бағалау сабақ барысында оқушылардың қаншалықты мүмкіншіліктері бар екендігін көрсетті. Олар белсенді жауап беріп, өз ойларын еркін айта білді. Сабаққа «Сандар сөйлейді», «картамен жұмыс», «тұлғаны таны» тәсілдері өз жемісін берді. Дарынды, талантты оқушылармен қосымша тапсырмалар орындау жұмыс жүргізілді.Сабақтын қарқыны қолайлы. Сабақта барлық оқушылар белсенділік танытты.

Рефлексия сабақ соңында өз тиімділігін көрсете білді.

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 


 

Ағылшын тілінен 5 В сыныбында «Revision» тақырыбымен пән мұғалімі Шельдыбаева Ж.А.  өткізген сабағы қатысушылармен жақсы бағаланып,жас ұстаздардың  көңілге түйіп алған әсерлері  көп болды.

Цель урока: Повторение ThePresentContinuoustenseдля развития коммуникативных навыков и умений учащихся.

Бұл сабақта оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасады.Тапсырмаларды талдап, оларды өзара бөліп, түсініксіз жерлерді бір-бірлеріне түсіндіріп, өз тобын барынша қолдауға көмек көрсетуге тырысты. Өз ойларын еркін айту, басқаларды тыңдау, ортақ шешімге келуге тырысты. Коллаборативты орта үйымдастыру, топта жұмыс жүргізу, диалогты оқыту, карточкамен жұмыс – бұның барлығыұстаздың сабақ барысында қолданған тәсілдері.

Тапсырма жүйесі логикалы күрделі арттыру түрінде құрылған.Қойылған мақсатқа ортақтасып жұмыс жүргізу арқылыжете білді.Сабақ барысында модульдің 7 түрі де қолданылды.

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 


Семинар соңында «Жеті модульдің тиіміділігі» атты коучинг өткізіліп қатысушылар, семинардан алған әсерлері туралы пікір алмасып қайтты.

Коучингтың мақсаты: әріптестеріміздің 7 модульдің тиімділігі жайлы өзіндік пікір айтып, ой қозғап, әр түрлі жағдаяттарды шешіп, өз тәжірибесінде пайдаланып, шығармашылығын дамытуға ықпал ету.

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 


 

 

Жас ұстаздар өздері үшін тиімді тәсілдерді және стратегияларды атап өтті. Жас мамандар үшін семинар маңызды болды.

 

Бақыршық орта мектебінде өткен аймақтық семинар

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив